+ 7 (700) 962 4339

Энергиямен жабдықтау басқармасы

Электр желілерін зақымдағаны үшін «Болашақ Энергиясы» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Электр желілерін зақымдағаны үшін «Болашақ Энергиясы» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Электр желілерін зақымдағаны үшін  «Болашақ Энергиясы» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «GorSvetGroup» ЖШС-нен  келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Болашақ Энергиясы» ЖШС 2023 жылдың 08 сәуірде жер қазу жұмыстары кезінде кабельдік желілерін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, 1000 вольтқа дейінгі электр желілерінің зақымдануы үшін «Болашақ Энергиясы» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау

 мен бақылау комитетінің Астана қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ

 

                         Автордың стилистикасы, орфографиясы және тыныс белгілері сақталған

 

                        22.05.2023

Сала жаңалықтары