Негізгі қызметі – көше, саябақ және үйішілік жарықтандыруға қызмет көрсету, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау.
Компанияның миссиясы – Қазақстан астанасының энергетикалық саласының ажырамас бөлігі бола отырып, инвестициялық тартымдылықты үздіксіз арттыра отырып, әлеуметтік жауапты іскерлік тәжірибенің барынша жоғары стандарттарын қоя отырып, ресурсты үнемдеу мен энергия тиімділігінің жаңа технологияларын қолдану негізінде Нұр-сұлтан қаласының экономикасы мен әлеуметтік дамуының қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Біздің Мақсаттар:
Тұтынушыларды электрмен сапалы және сенімді қамтамасыз ету;
Өз қызметін жүзеге асыру процесінде клиентке бағдарланған тәсілді іске асыру;
Сапалы қызмет көрсету.
"Астана қалалық жарық" ЖШС стратегиялық дамуының басты міндеттері:
Көшені және саябақты жарықтандыруға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізу, қызмет деңгейін арттыру;
Көрсетілетін қызметтердің тұрақты сапасын қамтамасыз ету;
Тұтынушылар мен жеткізушілер базасын сақтау және кеңейту;
Электрэнергиясын тарату қызметінің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, бизнес процесстерді автоматтандыру;
Нұр-сұлтан қаласында көрсетілетін қызметтер нарығында көшбасшы болу.