Құрметті тұтынушы!
2023 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын еңгізе отырып, электр энергиясын сатып алудың жаңа моделі еңгізілді. Электр энергиясын сатып алудың қазіргі моделі энергиямен жабдықтаушы компаниялар үшін электр энергиясының өзіндік құнын айтарлықтай арттырды, сонымен қатар энергиямен жабдықтаушы компаниялар жабдықталатын электр энергиясы үшін міндетті тәуліктік алдын-ала төлем жасалуы керек.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды назарға ала отырып " Астана қалалық жарық " ЖШС электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар тобы үшін 2023 жылғы 01 қыркүйектен бастап электр энергиясын жеткізуге тарифтердің жоғарылауы туралы, келесі санаттар бойынша хабарлайды:
-Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын заңды тұлғалар үшін (1 ЭБҰ) – ҚҚС-сыз 1 кВт үшін 26,80 теңге.
- Тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес электр энергиясын пайдаланатын заңды тұлғалар үшін ("Ақмола АЭК" АҚ үлестік берілуімен 1 ЭБҰ – дан астам) - ҚҚС-сыз 28,89 теңге 1 кВт.
- Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын заңды тұлғалар үшін ("Ақмола АЭК" АҚ – ның 100% беруімен 2 ЭБҰ -дан астам) - ҚҚС-сыз 1 кВт үшін 32,00 теңге.
Құрметпен,
«Астана қалалық жарық» ЖШС-ның әкімшілігі