+ 7 (700) 962 4339

Энергиямен жабдықтау басқармасы

Электр желілерін зақымдағаны үшін «ДорСтрой 2030» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

Электр желілерін зақымдағаны үшін «ДорСтрой 2030» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

Электр желілерін зақымдағаны үшін «ДорСтрой 2030» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі - Департамент) кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Ақмола АЭҮК» АҚ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «ДорСтрой 2030» ЖШС 2023 жылдың 19 ақпанда күзет аймағында жер жұмыстарының жәтижесінде экскаватормен «В» фазасының сымына зақым келтіргені анықталды, бұл 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 Электр желілері объктілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларының және осындай аймақтрдың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарының 24-тармағын бұзу болып табылады.

 Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, 1000 вольттан жоғары электр желілерінің зақымдануы үшін «ДорСтрой 2030» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау

 мен бақылау комитетінің Астана қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ

 

                         Автордың стилистикасы, орфографиясы және тыныс белгілері сақталған

 

                        30.03.2023

Сала жаңалықтары