+ 7 (700) 962 4339

Энергиямен жабдықтау басқармасы

«НКО» ЖШС-ті электр желілері иелерінің келісімінсіз күзет аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізгендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«НКО» ЖШС-ті электр желілері иелерінің келісімінсіз күзет аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізгендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«НКО»  ЖШС-ті электр желілері иелерінің келісімінсіз күзет аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізгендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Ақмола ЭЖҮК» АҚ-нан келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «НКО» ЖШС 2023 жылдың 20 қыркүйек күні электр желілерінің иелерімен келісімсіз 0,4 кВТ әуе желесін салу бойынша Қоянды ауылдың округінде келісілмеген жер жұмыстарын жүргізгені анықталды, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 бұйрығы Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағиларының 242 тармағын және 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 Электр желілері объктілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларының және осындай аймақтрдың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекще шарттарынның 20 тармағын  бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, «НКО» ЖШС-не қатысты Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, қарамағында электр желілері бар ұйымның келісімінсіз электр желілері жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, жер қазу. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды.  

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау

 мен бақылау комитетінің Астана қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ

 

                           Автордың стилистикасы, орфографиясы және тыныс белгілері сақталған

                            20.12.2023 ж.

Сала жаңалықтары