+ 7 (700) 962 4339

Энергиямен жабдықтау басқармасы

Электр желілерін зақымдағаны үшін «А.Э.Ц-Стандарт» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

Электр желілерін зақымдағаны үшін «А.Э.Ц-Стандарт» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

Электр желілерін зақымдағаны үшін «А.Э.Ц-Стандарт»  ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «А.Э.Ц-Стандарт» ЖШС 2023 жылдың 15 маусымда жер жұмыстарының нәтижесінде, Астана қ., Мұқатаева 7 мекен-жайы бойынша КЛ-10 кВ кабельдік желіге зақым келтіргені анықталды, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, 1000 вольттан жоғары электр желілерінің зақымдануы үшін «А.Э.Ц-Стандарт» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау

 мен бақылау комитетінің Астана қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ

 

                         Автордың стилистикасы, орфографиясы және тыныс белгілері сақталған

 

                         20.08.2023

Сала жаңалықтары